17 наурыз 2026 жылы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№12 Қалалық емхана» КМК-де қызметкерлер арасында комплаенс-офицер Анарбаева Ш.А.-ның қатысуымен семинар және ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге «Медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының нормалары түсіндірілді. Қызметкерлер медицина қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін көзделген құқықтық жауапкершілік туралы хабардар етілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері кәсіби қызметін жүзеге асыру барысында көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, уақтылығы және заңдылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық жауапкершілікке ие екендігі түсіндірілді.
Қызметкерлерді заңнаманы сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылатын болады.

