ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 ж. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандары, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар бекітілді. 3) бөлімде амбулаториялық-емханалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық құжаттама нысандары (бұйрыққа 3-қосымшада) «Қайтыс болу туралы медициналық куәлік» № 045/у нысаны бекітілді. Онда өлім туралы медициналық куәлікті тек ақпараттық жүйеден (КМИС) қалыптастыру және басып шығару қажет екендігі көрсетілген.
Онда қайтыс болу туралы куәлік берген денсаулық сақтау ұйымының атауы, оның мекенжайы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), куәлікті берген медицина қызметкерінің сәйкестендіргіші, лауазымы, медициналық ұйымның сәйкестендіргіші, куәлікті берген медицина қызметкерінің немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның сәйкестендіргіші көрсетіледі. Яғни, қайтыс болу туралы медициналық куәлікті беруді тұрғылықты жері (тіркелген жері) бойынша емхана жүзеге асырады. Егер қайтыс болған адамның жасы 65 жастан асқан болса және қайтыс болған адам өлімге әкелетін диагнозы бар диспансерлік есепте тұрса (жүректің ауыр декомпенсацияланған аурулары, онкология, бауыр циррозы), онда анықтаманы мәйіттің нақты орналасқан жері бойынша емхана береді, бұл ретте анықтама жерлеу жүргізілгенге дейін ғана берілуі мүмкін.
Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлікті медициналық ұйымның дәрігері немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға мәйітті қарау, медициналық құжаттамадағы жазбалар, науқасты алдын ала бақылау немесе ашу нәтижелері негізінде береді.
Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәлікті дәрігер ресімдейді.
Емхананың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі-жұма сағат 08: 00-ден 18: 00-ге дейін.
Сенбі сағат 08:00-ден 14: 00-ге дейін (кестеге сәйкес кезекші дәрігерлер)
Жексенбі сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін (кезекші дәрігер тек Попов көш., 23 мекенжайы бойынша өлім туралы анықтама беру үшін)