Диспансерлік бақылау (СИЕА)
Созылмалы инфекциялық емес аурулары (СИЕА) бар пациенттерді диспансерлік бақылау — асқынулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін тұрақты медициналық бақылау. Пациенттер дәрігерге (әдетте жылына 1–2 рет, көрсеткіштер бойынша жиірек) қаралуға, тексеруден өтуге және емін түзетуге міндетті. Бақылау өмір бойы жүргізіледі.
Пациентке арналған жадынама: Диспансерлік бақылау тәртібі
1. Қалай есепке тұруға болады (диспансерлік бақылау):
• Тіркелген жеріңіз бойынша емханадағы учаскелік терапевтке жүгініңіз.
• Егер сізде СИЕА диагнозы болса (артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, ӨСОА және т.б.), дәрігер сізді есепке қояды.
2.Сіздің міндеттеріңіз:
• Өзіңізді жақсы сезінсеңіз де, белгіленген уақытта тексеруге келу.
• Дәрігердің ұсыныстарын сақтау: дәрі-дәрмектерді қабылдау, диета ұстану.
• Қажет болған жағдайда өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізу (артериялық қысым, қандағы қант, пикфлоуметрия).
3.Тексерулердің жиілігі:
• Стандарт бойынша: 6 айда 1 рет немесе жылына 1 рет (ауру түріне және жағдайдың тұрақтылығына байланысты).
• ДСБ (Денсаулықты басқару бағдарламасы) аясында.
