Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Попова, 23
CALL-CENTER
+7 (747) 210-12-12
+7 (727) 310-12-12
АНЫҚТАМА БӨЛІМІ
+7 (727) 310-48-12
БАС ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІ
+7 (727) 310-12-12 (ішкі 222)
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Попова, 23
Нашар көрушілер режиміне көшу

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысы.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. «2008-2009 жылдарға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

   

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді-ҚР Үкіметінің 03.09.2019 № 655 (01.09.2019 бастап қолданысқа енгізіледі және 31.12.2019 дейін қолданылады) қаулысымен.

     
      Премьер-Министр
К. Мәсімов

Қосымша
Үкімет қаулысына
Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда-ҚР Үкіметінің 2019.06.20 № 420 (2020.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – азаматтар) бюджет қаражаты есебінен ұсынылады, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді, сондай-ақ дәрілік көмекті қамтиды.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде ТМККК алуға құқығы бар.

      2. ТМККК-ға кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.

      3. ТМККК-ға мыналар кіреді:

      1) Жедел медициналық көмек

      2) санитарлық авиация;

      3)Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК);

      4) МСАК маманы мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

      5) стационарды алмастыратын көмек;

      6) стационарлық көмек;

      7) медициналық айғақтар бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіру лечение және медициналық оңалту;

      9) халықтың жекелеген санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім;

      10) патологиялық-анатомиялық диагностика;

      11) ұлпаларды (Ұлпаның бір бөлігін) немесе мүшелерді (ағзалардың бір бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алып қоюға дайындау, тіндерді (тіннің бір бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бір бөлігін) алып қою, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

2 тарау. ТМККК тізбесі

      4. Жедел медициналық көмек уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тәулік бойы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:

      1) шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсету;

      2) пациенттерді шұғыл айғақтар бойынша медициналық ұйымдарға жеткізуді;

      3) қажет болған жағдайда пациентті (лерді), сондай-ақ ағзаларды (ағзалардың бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бір бөлігін) кейіннен транспланттау үшін тасымалдауды қамтамасыз етеді.

      5. Санитарлық авиацияға мыналар кіреді:

      1) пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандық және (немесе) біліктілік мамандарының болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету;

      2) кейіннен тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен транспланттау үшін білікті мамандарды тағайындалған жерге жеткізуді не пациентті (лерді), сондай-ақ ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөліктерін) тасымалдауды қамтиды.

      6. МСАК-адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын тәулік бойы медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.

      МСАК мыналарды қамтиды:

      1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – кодекс)6-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егулер;

      2) Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер («міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарды қоспағанда), оның ішінде:

      балаларды профилактикалық мақсатта жылына бір рет тіс және ауыз қуысының шырышты қабығын күту бойынша санитарлық-гигиеналық дағдыларға үйрету;

      мектепке дейінгі балалар білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілік бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру – профилактикалық мақсатта жылына бір рет;

      3) бір жасқа дейінгі балалардың патронажы;

      4) жүктілікті бақылау және отбасын жоспарлау;

      5) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқау, оның ішінде:

      диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы (өршуден тыс);

      науқастар мен олардың отбасы мүшелерін созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес өзін – өзі бақылауға, өзін-өзі және өзара көмекке үйрету;

      6) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек;

      7) шұғыл медициналық көмек, оның ішінде:

      Кодекстің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен күрделілігі төртінші санаттағы жедел медициналық көмек шақыруларына қызмет көрсету;

      8) МСАК маманын қабылдау, консультация беру, оның ішінде жіті немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде, соның ішінде:

      уәкілетті орган бекіткен тәртіппен МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық манипуляциялар мен рәсімдерді жүргізу;

      Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарына рецептілер жазып беру, тегін немесе жеңілдікпен дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз ету;

      МСАК мамандарының үйде пациенттерге қызмет көрсетуі-Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде көзделген көрсеткіштер бойынша;

      осы тізбенің 8-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын, оның ішінде үйде көмек көрсету;

      Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;

      9) диагностикалық қызметтер, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша зертханалық диагностика;

      10) пациенттерге салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша консультация беру, оның ішінде:

      МСАК ұйымдарының профилактикалық кабинеттерінде және денсаулық Мектептерінде оқыту.

      7. МСАК маманы мен бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек мыналарды қамтиды:

      1) кодекстің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулардан зардап шегетін адамдарға олардың динамикалық байқалуын қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандарды қабылдау және консультация беру;

      2) динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдардың бейінді мамандарын қабылдау және консультациялар, оның ішінде:

      Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен осы қарап-тексерулерді жүргізу тәртібімен және кезеңділігімен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулер (оның ішінде скринингтер) ;

      бейінді мамандардың уәкілетті орган бекіткен тәртіппен медициналық манипуляциялар мен рәсімдерді орындауы;

      пациенттерге жіті және созылмалы аурулар, жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсету;

      «мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүкті әйелдер мен он сегіз жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультация беру;

      кодекстің 7 – бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес асқынған жүктілікті медициналық бақылау және патронаждау;