ДДСҰ мәліметтері бойынша жыл сайынғы маусымдық тұмау эпидемиясы бүкіл әлемде 3-5 миллион ауыр ауруға және 250000-500000 өлімге әкеледі. Тұмау қант диабеті, жүрек-тамыр, бронх-өкпелік және басқа да созылмалы аурулары бар науқастарда асқынулардың дамуын тудырады. Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 12 қалалық емхана» КМК (бұдан әрі – №12 қалалық емхана) 16.09.2024ж бастап 1 қарашаға дейін тіркелген халықты «Гриппол+»вакцинасын алуға шақырады.
«Гриппол +» вакцинасы тұмау вакциналарының заманауи сапа стандарттарына сәйкес келеді: құрамында консерванттар мен антибиотиктер жоқ, атравматикалық инемен жеке шприц-дозада шығарылады, халықаралық стандарттар бойынша шығарылады.
Вакцинаны №12 қалалық емхананың келесі мекенжайлары бойынша ала аласыздар:
— Бұқар жырау көшесі, 47. № 204 кабинет
— Байсейітова к-сі, 40. № 21 кабинет
