Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-136 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қарашада № 30685 тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер енгізілді. Осы бұйрыққа 3-қосымша – амбулаториялық-поликлиникалық ұйымдарда пайдаланылатын медициналық құжаттама нысандары бөлігінде № 045/у «Өлім туралы медициналық куәлік» нысаны бекітілді. Онда өлім туралы медициналық куәлік тек ақпараттық жүйе (КМИС) арқылы жасалып, басып шығарылуы тиіс екені көрсетілген.
Куәлікте оны берген медициналық ұйымның атауы, мекенжайы, марқұмның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), идентификаторы, куәлікті берген медицина қызметкерінің лауазымы, медициналық ұйымның идентификаторы, куәлікті берген медицина қызметкерінің немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның идентификаторы көрсетіледі. Яғни, өлім туралы медициналық куәлікті тіркелген жері бойынша емхана береді. Егер қайтыс болған адамның жасы 65 жастан асқан болса және ол өлімге әкелетін диагнозбен диспансерлік есепте тұрған жағдайда (жүректің ауыр декомпенсацияланған аурулары, онкологиялық аурулар, бауыр циррозы), куәлікті мәйіттің нақты орналасқан жері бойынша емхана береді, бұл жағдайда куәлік жерлеуге дейін ғана берілуі мүмкін.
Өлім туралы дәрігерлік куәлік медициналық ұйымның дәрігері немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға тарапынан мәйітті қарау, медициналық құжаттардағы жазбалар, науқасты алдын ала бақылау немесе мәйітті ашу нәтижелері негізінде беріледі.
Дәрігерлік куәлікті дәрігер рәсімдейді.
Емхананың жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма: сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін.
Сенбі: сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін (кезекші дәрігерлер кестеге сәйкес).
Жексенбі: сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін (өлім туралы анықтама беру үшін кезекші дәрігер тек Попов көшесі, 23 мекенжайында).
