Вакцинация және ревакцинация үшін барлық препараттарға қолжетімділік қамтамасыз етілді

 ВАКЦИНАЦИЯ ЖӘНЕ РЕВАКЦИНАЦИЯ ҮШІН БАРЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРҒА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялауға және ревакцинациялауға жататын адамдардың санаты кеңейтілді. Бұл туралы бүгін коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады.

 Каз1

Ол 50 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін вакциналық препараттардың барлық түрлері, соның ішінде Pfizer қолжетімді болатынын атап өтті.

Каз2

Pfizer вакцинациясына мүмкіндігі шектеулі адамдарға рұқсат етіледі - бұл бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер.

каз3

Сондай-ақ, Pfizer вакцинациясына Қазақстанда «Комирнати» вакцинасымен вакцинациялаудың бастапқы курсын аяқтау үшін шетелде «Комирнати»вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар жіберіледі. Естеріңізге сала кететін жайт, «Комирнати» (Пфайзер) КВИ – ға қарсы вакцинациялауға жатады: 1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; 2) жүкті әйелдер - жүктіліктің 16-дан 37-аптасына дейін; 3) лактация кезеңіндегі әйелдер - бала 2 жасқа толғанға дейін, босанғаннан кейінгі кезең аяқталған соң (42 күннен кейін).