forkredit.com | http://www.sadowod.com | vivaspb.com | finntalk.com

Қаз | Рус | Eng                              Единый контакт-центр поликлиники: 8 (727) 312-24-84  Единый городской информационно медицинский Call-центр 3000-103              

№12 Қалалық емхананың қызметкерлері МӘМС туралы кезекті ақпараттық түсіндірме жұмысын №162 лицей-мектебінде жүргізді

Әлеуметтік әділдік және ынтымақтастық – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидасы. Әрбір азаматтың денсаулығы үшін жауапкершілік енді адамға, жұмыс берушіге және мемлекетке жүктелген. Қаражат медициналық сақтандыру принциптеріне сәйкес, ортақ жауапкершілік негізінде төленетін болады. МӘМС әлеуметтік әділдік принципіне қарамастан табыстық шегерімдер мөлшерін сапалы денсаулық сақтау үшін барлық сақтандырылған тұлғаларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Әр адам ем қабылдайтын медициналық ұйымды өзі таңдайды. Медициналық қызметтің сапасын күн сайын бақылауды Қор жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін халыққа түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

26.11.2019 ж. Алматы қаласы №12 Қалалық емхананың Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек бөлімінің қызметкерлері мен бірге спикер Зинура Сапабекова (Zinura Sapabekova) емханамыздың аумағына қатысты мекемелерге МӘМС туралы кезекті ақпараттық түсіндірме жұмысын, №162 лицей-мектебінде жүргізді.

Жұмыс барысында ақпараттық-біліми материалдар таратылды.

Прочитано 190 раз